» » СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

  Апта басында облыстық мәслихат депутаттары қаладағы бірқатар спорттық нысандардың жұмыс барысымен танысты. Алғашқы бағыт №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі болды. Тасбөгет кентінде орналасқан нысан 1970 жылы мектептің спорт залы ретінде салынған. 2001 жылдан бастап спорт мектебі ретінде пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
         – Жөндеу жұмыстарына  11 млн теңге қаржы бөлінген, жаңа оқу маусымына дейін жөндеу аяқталып, пайдалануға беріледі. Мектепте 8 спорт түрі бойынша 700 оқушы жаттығады, 60 топ бар. Балалар 7 жастан бастап қабылданса, оларды 20 білікті маман жаттықтырады. Қазір тегін қабылдау жүріп жатыр, – дейді №5 ОРМБЖМ директоры Серік Сексембаев.
         Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпазы Диас Бахраддин осы мектептің түлегі.
         Мұнан кейін халық қалаулылары Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің күрделі жөндеу жұмыстарын бағамдады. 50 жыл бұрын қаланған ғимаратқа осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілген. 2011 жылы ғана интернаттың жатақханасы ағымдағы жөндеуден өткен. Өткен жылы ғана колледж мәртебесін иеленген ғимараттың жұмысы қыркүйек айында аяқталып, оқушылардың қуанышын еселемек.
         Бұдан бөлек, депутаттар қайта жаңғыртудан өткен Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды, “Евразия” спорт кешені мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратын және “Қайсар” футбол клубының базасында болып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
– Еліміздің заңдылығына сәйкес, бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау мәслихаттың тікелей міндеті болып саналады. Осыған сәйкес, аймақтағы спорт саласын дамытуға жұмсалған қаржының орындалуын, жыл көлемінде бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін бақылау мақсатында спорттық нысандарды аралап көрдік. Алдағы уақытта қандай жұмыстарға көңіл бөлуіміз керек екенін көңілге түйдік. Жалпы спорттық нысандарға жөндеу жұмыстары жақсы жүруде, – деді облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов.
         Биыл өңірде жоғары спорт шеберлігі мектебі, №1,2 және аудандардағы №8, 13, 19 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер  мектептеріне де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы орталық стадионның жөндеу жұмыстары аяқталса, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі стадионда ағымдағы жөндеу әліде жүргізілуде.
         – Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Былтыр 9 жоба іске қосылды. Соңғы жылдар біздің Сыр спортшылары үшін жемісті әрі жеңісті болды. Спорттың әр түрінен 578 спортшы ұлттық құрамаға кірді. Сондай-ақ “Қайсар” футбол командасының 20 жылдан кейін финалға шығуы – жанкүйерлер үшін үлкен жетістік. Келер жылы олимпиада, жоспар көп. Өңірдегі спорт саласын дамытуға барынша күш салатын боламыз, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов.
Ерасыл ШӘРІБЕК
25 тамыз 2019 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031