СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ТАШКЕНТТЕ ТОП ЖАРДЫ

Жасөспірімдер арасында бірлік бәсекесінде сынға түскен Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және № 5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Эльнура Нурланова 200, 500, 1000 және 3000 метр қашықтықта 4 алтын жүлдені жеңіп алса, Диас Бахраддин 1000, 5000 м.қ. екі мәрте алтын, 500 м.қ. күміс жүлделерге қол жеткізді.
Жастар арасында бірлік сынында бақ сынасқан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Қожахмет Алтынбек пен Гүлжайна Тыныбекованың мерейі үстем болды.
Қожахмет 500, 1000, 5000 м.қ. 3 алтын, ал Гүлжайна 200, 500, 1000 және 3000 м.қ. 4 алтын медальдарға ие болды. Сондай-ақ, Темірғали Орақбаев 5000 м.қ. қола жүлдені еншіледі. Спортшыларды Мұхитдин Мейірбеков пен Диана Қазиева дайындады.