82 жастағы әнші Нұрғали Нүсіпжанов үйленді

Парақшаның иесі "Құрметті қазақ елі! Жеңгеміз құтты болсын!" деп Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра есімі жазылған баннердің алдында тұрған жұбайлардың суретін салған. "Нұрғали ағамызды жақсы танимыз ғой. Ол расталған ақпарат. Мен өзім ол тойға бара алмай қалдым. Керек десеңіз видеосын да жариялай аламын", - деп нақтылады мәлімет Қуандық Ешмет Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.
Нұрғали Нүсіпжанов - 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.