» » 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуіне қатысты жұрт қандай пікірде?

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуіне қатысты жұрт қандай пікірде?

  Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында қайта отау құрғанына қазақстандықтар пікір білдірді. Өнер иесінің таңдауы 37 жастағы тележүргізуші Жадыра Сейдешке түскен деп хабарлайды 31 арна.
Жұрт бұл жаңалықты алғашында жалған деп ойлағанын, артынша әншіге түсіністікпен қарағандарын жеткізді.

"Өтірік нәрсе шығар", "Басында қызық қабылдадым. Сосын түсіністікпен қарадым", - дейді ер азаматтар.
Ал әйелдер қауымының бірі өнер иесін қолдаса, екіншілері жұбайлар арасындағы жас айырмашылығын тілге тиек етті.

"Қазағымның шалдары бұрын жас қыздарға үйленген ғой", "Сәйкес емес, ортаға барған уақытта аларып отырады" деді қазақстандықтар.
Ал атаулы тойдың басы-қасында жүрген Меруерт Өтекешова көпшіліктен Нүсіпжановтың өмірін талқыға салмауын сұрады.

"Неге адамдар сонша қабылдайды? Өмір әртүрлі болады. Олардың отбасында не болғанын сіз білмейсіз ғой. Не болса да, адамдарға бірнәрсе айту керек", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова.
28 тамыз 2019 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031