Артында үш баласы қалды: Алматы полиция департаменті басшысының ұлы көз жұмды
Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.
Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басыгжа Алматы облысында квадроциклмен жол апатына ұшыраған.
Белгілі болғандай, ол 27 тамызда Германияда көз жұмған. Сол жақта Нұрсұлтан Күдебаевқа ота жасалған екен.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
Нұрсұлтан Күдебаевтың Алатау аудандық прокурордың орынбасары болып қызмет еткені белгілі.
Stan.kz редакциясы полиция басшысы Серік Күдебаевтың отбасына көңіл айтады.