» » Заңнамаларға енгізілген өзгерістер сот жүктемесін оңтайландырады

Заңнамаларға енгізілген өзгерістер сот жүктемесін оңтайландырады

   Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң ағымдағы жылдың 3 ақпанында күшіне енді.
Заң аясында 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.
Осы толықтырулардың ішіндегі сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерге тоқталсақ, Азаматтық процестік кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, бұйрық арқылы іс жүргізудің 18 талабының 9-ы нотариатқа берілді.
Енді, меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар шешеді деп көзделіп отыр.
Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар. Мысалы судья, егер талапты нотариаттық жазба бойынша жүргізуге болатын болса, іс бойынша талап арызды қайтара алады. Егер талапкер даудың болуын талап етсе, судьяның талапкерге іс бойынша сот шығындарын жүктеуге құқығы болады.
Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.
Ал оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша және талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау ғана қалды.
Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға беріледі. Атап айтқанда, сот орындаушылардың банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы, борышкердің мүлкіне, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғаның банктердегі ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау. Ал, соттарда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкерді мәжбүрлеп алып келуді санкциялау түрлері қалды.
Осылайша соттан даусыз істерді алу, судьяларға жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін үлкен маңызы бар нақты дауларды шешуге мүмкіндік беретін болады.
Аталған заңның қабылдануы - халық үшін ыңғайлы әрі тиімді болып отыр.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Шамшиев
27 тамыз 2019 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031