» » Көңіл жеткенге көз жетпейді

Көңіл жеткенге көз жетпейді

   Әрбір күннің тарихы бар. Уақыт озған сайын оның құндылығы арта түседі.
Үлкенді жамандама – оның қадірін жасың ұлғайғанда білесің, кішіні жамандама – оның арынын сөзің өтпегенде білесің.
Қызмет – белгілі уақыттағы бақ.
Қыз өсірсең қазығыңды қашыққа қағасын, ұл өсірсең қасиетіңді ошақта қалдырасың.
Жаманның да жан жадыратар жылылығы болады.
Балта да барыңда батыл.
Көңіл жеткенге көз жетпейді.
Өсекте өсиет жоқ, өтірік көп.
Ақыл іздесең Абайды оқы.
Әйелдің жылылығын алпыс жастан асқан соң аңғарасың.
Сыйласу – сырласуға сүйеу.
Қайғыны бөлісу – қасіреттен құтқарады, көңіл сұрау – азаптан арашалайды.
Өлмеймін десең өшпейтін іс жаса.
Ақша жинаған алысқа барады, ақшасын аяған жалаң аяқ қалады.
Арба айдаған аштан өлмейді, кәсіп игерген көштен қалмайды.
Баймын – тірлігі бар тірімін, кедей емеспін – келешегім бар!
Аурудың алдын алса асқынбайды.
Жіліктен май кетсе жігіне жарақат жұққыш келеді.
Қаныбек Әбдуов
31 тамыз 2019 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031