Сыбайластықпен күрес – баршамызға міндет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап жемқорлыққа қарсы күресті күн тәртібінен түсірген емес. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. Бұл қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей байланысты жоюға, қызмет көрсетудің ашықтығына, сапасына, жеделдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Осы стратегияда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандайда бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдау керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет.
А.Оспанова,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы


