» » ЖАПОНИЯДАН ЖАЛҒЫЗ ЖҮЛДЕ

ЖАПОНИЯДАН ЖАЛҒЫЗ ЖҮЛДЕ

Төрткүл дүниенің таңдаулы татами шеберлері Токиода әлем біріншілігінде сынға түсуде. Әлем чемпионатында  әзірге қазақстандық Елдос Сметов ғана жүлдегер қатарына еніп,  қола жүлдені жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта қос бірдей балуанымыз қола жүлдеге таласты. Жұбаныш белдесуінде Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов кездесті. Нәтижесінде Елдос Сметов вазари әдісімен жеңіске жетті. Рас, Ғұсманда жүлдегер болуға лайықты күресті. Ол іріктеу сынында Олимп, әлем чемпионатының жүлдегерін сан соқтырды. Жартылай финалда сүрінді демесеңіз, таптаурын белдесті. 
– Әлем чемпионатына үлкен дайындықпен келдім. Тіпті, нағыз бабымда болдым десем, артық емес. Топтық кезеңде Олимпиада мен әлем чемпионатының жүлдегерлерін сондай-ақ, көпшілікке белгісіз жас балуандардан басым түстім. Негізі аса танымал емес дзюдошылармен күресу қиынға соқты. Ал жартылай финалдағы Шарафуддин Луфтиллаевпен өткен кездесуде жеңілгеніме әлі де таң қалып тұрмын. Өйткені татамиге шығарда оны жеңетіміне сенімді болғам. Бірақ күрес кезінде өзімді қамшылай алмадым. Неге екенін білмеймін, ойымның бәрі финалдық белдесуге ауды. Ойша финалда күресіп жүргенімді елестетіп, қарсыласымды мүлде сезбедім. Алдын ала ақтық сын туралы ойлап кеткенім бірден кері әсерін тигізді. Луфтиллаевтан таза ұтылып, құлаған соң ғана есімді жидым. Бұл менің басты қателігім. Тағдырдың жазғаны бесінші орын екен. Қанша тырыссақ та, одан асып түсе алмас едім, – дейді Қырғызбаев.
Қол үшін күресте қоз қазақ татамиге көтерілді. Расымен ішкі біріншілікте қарсылас ретінде саналатын жерлестерді әлем біріншілігінде бір жүлдеге таласқанды қаламадық.
– Елдоспен бұрыннан күресіп жүрмін. Бір командада, жарты нанды бөліп жеп жүрген жолдаспыз. Алғашында күресім жүрмей, қандай да бір әдіс жасауға батылым бармай, біраз жүрдім. Қанша дегенмен, өз командаласым ғой. Кейін негізгі уақыт аяқталып, «алтын ұпай» басталғанда ғана жиналу керектігін түсіндім. Бұл жерде кім жеңсе де, қазақтың байрағын көтеретін еді. Сондықтан, Елдос үшін қуаныштымын, – дейді балуан.
 Жарыс жолына шыққан үмітті спортшымыз Отгонцэцэг Галбадрах жұбаныш белдесуінде Мартинез Абебеленда Лаурамен кездесіп, ұтылып қалды. Осылайша Галбадрах Жапонияда жетінші орынға тұрақтады. Ерлер арасында 66 кило салмақта белдескен Елдос Жұмаханов өзінің тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Ол болгариялық Божидар Темелковке есе жіберді. Былтырғы жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың да бұл жарыста жолы болмады. Жерлесіміз бастапқы бәсекеде әзірбайжандық Нижат Шихализадеге есе жіберді. 73 кило салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Жансай Смағұлов алғашқы айналымнан аса алмады. Ол Израильдің өкілі Тохар Бутбульден жеңілді.
Ерасыл Шәрібек
01 қыркүйек 2019 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031