138

   Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық сауықтыру, мәдени іс- шараларға әлеуметтік белсенділігін арттыру және бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында «Шұғыла» және «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы аула клубы 2019 жылдың 1-ші наурыз айымен 1 қыркүйек аралығына дейін атқарылған қызмет түрі спорттық-сауықтыру шаралары (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, стол теннисі), мәдени рухани шаралар (семинар тренинг), Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында (сурет салу, колөнер бұйымдарының көрмесі, аспаздық шеберлік конкурстары) өткізілді. Ұлттық мәдени, салт дәстүрлерінің ерекшіліктерін ескере отырып, қызмет көрсету барысында Қызылорда қаласында «Н. Назарбаевтың дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесіне 22 мүмкіндігі шектеулі азаматтар апарылды, Қармақшы ауданы «Қорқыт ата» тарихи ескерткішіне 20-дан аса мүгедектер қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, КР-дағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, олардың құқықтарына қатысты жәрдем беру жыл ішінде 20 мүгедек қамтылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында компьютерлік білім беру орталығы 2019 жылдың 1-ші наурыз және 1 қыркүйек аралығына дейін 20 сағаттық компьютерлік бағдарламалар біліктілігін арттырып және электронды әкімдік курстарынан - 138 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.
05 қыркүйек 2019 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031