» » Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

   Alibaba компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Джек Ма отставкаға кетті. Бұл қызметте оның орнын Дэниэл Чжан алмастырады.

Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Alibaba компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма 10 қыркүйекте ресми түрде қызметінен кетті. Ол өзінің отставкаға кететіні туралы бір жыл бұрын ескерткен еді.
Ендігі компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметін бас директор Дэниэл Чжен атқарады. Алайда  Джек Ма компанияда стратегиялық шешімдерді қабылдауда маңызды рөл атқаратын болады. 
Маның отставкаға кетуі оны 55-інші туған күні мен Қытайдағы Мұғалімдер күніне сәйкес келді. Кәсіпкердің өзі компанияның негізін қалағанға дейін мектеп мұғалімі болған. Ол отставкадан кейінгі болашағын білім берумен байланыстырады және қайырымдылықпен айналысуға ниетті. 
Alibaba компаниясы 1999 жылы құрылған. Ол электронды сауда және цифрлық төлемдермен айналыстаын ең ірі компаниялардың бірі атанды. Кәсіпкердің өзі де үлкен жетістікке жетті: Джек Ма Қытай мен бүкіл әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналады. 
10 қыркүйек 2019 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031