» » Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

  Қуанышбек Ысқақовтың облысымызға басшы болып келгеніне 2 айдан астам уақыт өтті. Облыс басшысы аз ғана уақыт ішінде елмен етене байланыста болып, барлық ауданның жағдайы мен жеке танысты. Халық пен ел арасын жалғап жүрген журналистермен кездесті. Жиын мақсаты БАҚ өкілдерімен тығыс байланыста жұмыс істеп облыстың оң имиджін қалыптастыру. Атқарылып жатқан жұмыс аз емес тек соны халыққа мобильді және шынайы жеткізу қажет. Бүгінде аймағымызда 2000-нан астам журналист 100-ден астам БАҚ жұмыс істейді.
Сонымен қатар «Қазіргі заманда мәселенің анығына жетпей сенсация қуатын журналистер жоқ емес. Мақаланың мазмұнын емес, жеке бастың имиджін бірінші қоятындар көбейген. Қазақта «айтылған сөз – атылған оқ» деген қанатты сөз бар. Сол сияқты түпкілікті зерттелмеген шикі ақпаратты халыққа жариялаудың артында не тұрғанын өздеріңіз сынды аға буын жастарға түсіндіріп жол көрсетіп отырғаны дұрыс деп есептеймін», - деді аймақ басшысы.
Жиын барысында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, «Qyzylorda» телеарнасы директорының міндетін атқарушы Айсұлу Қасымова, республикалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа, «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Райхан Тәжібаева пікір білдірді.
"2010 жылы құрылған «Сыр медиа» серіктестігі – бүгінде бірқатар облыстық, қалалық, аудандық ресми басылымдарды біріктіріп отырған, барлығы 500-ден астам адам еңбек ететін іргелі құрылым. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде біз еліміз бойынша өз өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналдық. Аудандық газет редакцияларының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылды."-деді Аманжол Сақыпұлы.
"Қазір әлеуметтік желі ақпаратқа толы. Бірі пайдалы, бірі сенімсіз, жалған, бірі өз мүддесін ойлайтын ақпараттар. Кейде әлеуметтік желі қолданушылары тексерілмеген ақпаратпен де бөліседі. Мен осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру кеңесін құру жөнінде ұсыныс білдірді. Заң ортақ, әлдебіреу өзгенің құқына қол сұғуға, ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қақысы жоқ. Оның бәрі заңмен реттелуі керек. ҚР БАҚ туралы заң талаптарымен журналист те, мемлекеттік қызметкер де санасу керек. Кейбір басқарма басшылары жауап беру мерзімін білмейді, жолданған хатты бір ай ұстайтындары да бар. Мемлекеттік тілде сұралған сауалдарға орыс тілінде жауап беріп, заң талаптарын бұзғандар да кездеседі. Мемлекеттің заңын сыйламайтындар әлеуметтік желіде сол басқарма жайында "бірдеңе" жазылса, өліп-талып жауап беруге талпынады, олардың алдында ақталып әлекке түседі. Сондықтан қоғамда түсінбеушіліктің алдын алу мақсатында, аудиторияны нақты, шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында, журналистерге заң талаптарын түсіндіру үшін үйлестіру кеңесінің қажеттілігі байқалады."-деді Нұрлан Нұрмаханов.
Сонымен қатар "Тіршілік тынысы" газетінің тілшісі әріптесіміз Балтабай Ордабеков жас журналистерді қолдау мақсатында облыс әкімінің біржолғы степендиясын тағайындау туралы ұсыныс білдірді. Осы ұсынысқа байланысты Қуанышбек Досмайылұлы жоба дайындауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
– Біз сыннан қашпаймыз. Бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз. Ең бастысы, жарияланған материал қоғамда арандатушылық туғызбауы тиіс, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.
Байтүгей СУАН
12 қыркүйек 2019 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031