» » Оригинал аяқ киімді көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Оригинал аяқ киімді көшірмеден қалай ажыратуға болады?

   Аяқ киімнің ұзаққа жарауы адамның өзіне байланысты. Ұқыпты кисе, бірнеше жыл шыдайды.
Аяқ киім табиғи былғарыдан болса, оның іші де сондай материалдан тігіледі. Ал көшірмесін тігісіне қарап ажыратуға болады. Егер аяқ киімнің иісі болса, ол бір тәулікте кетуі керек. Altaynews.kz оригинал аяқ киім алудың әдісін айтып береді.
Аяқкиім таңдарда ең бірінші не нәрсеге мән беру керек?
Әуелі материалына, яғни былғарысының сапасына және табанына көңіл аударыңыз. Аяқ киім табиғи былғарыдан тігілсе, оның іші де тура сондай, тек аз бөлігі мата болады. Бұл аяқ киімнің таза былғарыдан тігілгенін білдіреді, яғни зауыт материалдың сапасын осылай көрсетеді. Таза былғары жұмсақ келеді. Бірақ қатты былғары да бар, олар ұзаққа шыдайды.
Аяқ киімнің табаны мықты, қатты, гель болса, жүргенде сырғанамайды. Әсіресе, кафельді басқанда да сырғанап кетемін деп қорықпасаңыз болады. Табаны резеңке болса, қыста суық тартады, жазда ыстықты өткізеді. Оның үстіне аяқтың формасын сақтамайды. Табанының сапасы нашар болса, асфальтта күн ыстықта мүжіле бастайды. Сондықтан аяқ киімнің табаны гель болғаны дұрыс. Негізі әр жағдайға байланысты арнайы, бөлек аяқ киім киген жөн.
Мамандардың айтуынша, аяқ киім бағасы қымбат болса, сапасы соғұрлым жақсы болады. Тек сатушы клиентті алдамауы керек. Адамның бәрі аяқ киімнің нашарынан сапалысын ажырата алмайды. Сондықтан оны таңдарда сатушының көмектескені дұрыс. Ол тауардың қайдан келгенін, қандай екенін айтып беруі қажет.
Сапалы аяқкиімнің иісі бола ма?
Аяқ киімді қораптан шығарғанда иіс болады, бірақ бұл уақытша. Зауытта иіс шығаратын дәріні аяқ киім бұзылмауы үшін арнайы салады. Тауар басқа жерге жеткізілгенше қорапта, қоймада тұрады. Ылғал тиюі де мүмкін.
Қораптан алғаннан кейін аяқ киімнен бірнеше күн бойы иіс шықса, оның нашар болғаны. Жақсы аяқ киімнің иісі бір тәулікте жойылуы керек.
Оригинал аяқкиімді көшірмеден қалай ажыратуға болады?
Меруерт Кәрімтаеваның айтуынша, көшірме аяқ киімнің тігісі үлкен болып көрініп тұрады. Брендтің, фирманың атауында бір-екі әріп өзге шрифте жазылады.
Кей зауытта оригинал етікті тәжірибелі ұста тіксе, оның көшірмесін қатардағы етікші тігуі мүмкін.
Аяқкиім күтімі
Былғарыны ылғал шүберекпен сүртуге болады. Бірақ арнайы спрейін қолданса, тіпті жақсы. Ал жұмсақ теріден тігілген (күдері) аяқ киімді тек өзінің щеткасымен тазалап, спрейін себу керек. Спрей жұмсақ теріні бүлінуден қорғайды. Мысалы, былғары аяқ киімді жазда кие алмаймыз, ыстық болады. Сондай сәтте жұмсақ теріден тігілген аяқ киім жақсы, ол ауа кіргізеді. Тек күтімді көп қажет етеді. Оны шүберекпен сүртпеген дұрыс.
Аяқ киімнің ұзаққа жарауы адамның өзіне байланысты. Ұқыпты кисе, бірнеше жыл шыдайды. Майтабандарға лайықталған аяқ киім де бар. Олардың табанында бір тұсы кішкене көтеріліп тұрады. Майтабан адамға ортопедиялық аяқ киім алған дұрыс.
Қазақстанға аяқкиім көбіне қай жақтан келеді?
Сатушының айтуынша, Қазақстанда Түркия мен Қытайдың аяқ киіміне сұраныс көп. Түркия аяқ киімінің табаны каучук болады. Ал Қытай десе, көбі аяқ киім сапасыз деп ойлайды.
Қытайдан келетін сапалы, жақсы аяқ киімдер де бар. Олар Гуанчжоудан келеді. Сапасы Түркиянікінен кем түспейді. Айырмашылық тек өлшемінде. Түркияның аяқ киімі үлкен өлшеммен жүрсе, Қытайдікі кішкентай болады.
16 қыркүйек 2019 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031