Көрінбей кеткен Тәуекел Мүсілім ел алдына жаңа ғашығымен шықты (Фото)
Біраз уақыт бойы көгілдір экран мен шоу-бизнес жиындарында бой көрсетпей кеткен отандық актер Тәуекел Мүсілім ел алдына су жаңа ғашығын алып шықты. Қырғыз қызына үйленбекші болған өнер иесінің жүрегін енді өзге ару жаулап алған деп жазады НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасы.
Тәуекел су жаңа сүйіктісін фильмнің тұсаукесеріне ертіп алып келген жерінен ұсталды.
Алайда, "аузы күйген үрлеп ішер" демекші актер бұл жолы ғашығы жайлы қандай да ақпарат беруге, оның кім екенін жариялаудан бас тартты.
Шоу-бизнес жұлдызы тек тойдың ауылы алыс емес екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім халыққа өзінің қырғыз қызын таныстырған еді. Ол аруды да актер кинопремьераға өзімен бірге алып келген болатын.