» » ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ

ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ

  Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» хикаясы қазақ сахнасына жарты ғасырдан соң «Қызыл орамалды Шынарым» деген атпен оралған еді. ҚР халық артисі, режиссер Талғат Теменовтың жетекшілігімен қойылған спектакль осы аптада Сыр өңірінде сахналанды. Шығармаға өткен ғасырдың 60-жылдары Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Досан асуындағы оқиға негіз болады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс мөлдір сезіммен тіл табысады. Ата-анасының келісімінсіз ендігі ғұмырын Ілияспен бірге кешуді арман еткен Әсел атастырылған жігітіне қарамай жаңа өмірге тәуекел етеді. Алайда өмірдің сан тарау соқпағынан кезіккен сынақ ақыр соңында қос ғашықтың жолын екіге бөледі. Ортада қалған бүлдіршін Самат, өкініштен өзегі өртенген Ілияс, егде адамға тағдыр жазуымен қосылған Әсел бейнесі өмірдегі әрбір сәт, құндылық, шынайы сезімді барында бағалай білу керектігін ұғындырады.
Қойылымда  басты кейіпкер Ілияс рөлін белгілі актер Әбілмансұр Серіков, Әсел бейнесін Ақмарал Танабаева сомдады. Ән кернеген сахна, өрнегі әсем өнер елдің ерекше ықыласына бөленіп, көпшілік қауымның жүрегіне жол тапты.
Гүлдана ЖҰМАДИН
21 сәуір 2019 ж. 2 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031