«Жастар: қоғам, болашақ»

Жиынға Қазалы ауданының полиция бөлімінің басшысы подполковник Сәбитбек Арынов, полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Айбек Әлиев қатысты. Олар жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, құқық бұзушылықтың басты фактілерін және аудан ахуалының тұрақтылығына тоқталды. Сондай-ақ жастар арасындағы қылмысты азайту мақсатында не істеу керегін де айтты.