Umbrella Sky

    Түрлі-түсті шамдар түнгі қала көрінісіне керемет көрік береді. Жарық шамдарымен безендірілген қалалар ертегі елін еске түсіреді және көпшілікті қызықтырады. Әрі қара түнекке малынған қалалық көшелерді өзгертіп, оларды жұмбақ, ыңғайлы және сиқырлы орынға айналдырады. Мұндай қалада серуендеу тұрғындарға сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Осы орайда көшені жарықтандыру мен безендірудің тарихына зер салып көрдік.
Әлемде 200-ге жуық тәуелсіз мемлекет бар, қалалардың саны тіпті көп.  Әр елдің мәдениет, дін және сұлулық туралы ойлары  қаланың сәулетіне әсер етеді. Көпшілік фотографтар түнгі қаланың әдемі суреттері үшін Мадридтегі Король сарайының таңғажайып аймағын таңдайды. Темза өзенінің жағасында, Паттайядағы Таиланд шығанағындағы жарық кештері де талай туындыға арқау болған.
Ежелгі римдіктер мен афиналықтар көше жарықтарын  жасанды жолмен әсемдеген, ал тәждердің  жеңіске орай мерекелік жарықтандыруы XVI ғасырда басталды. 1880 жылдардың соңында Париждегі Үлкен опера, Нью-Йорктегі Азаттық мүсіндері, Иван Ұлы қоңырау мұнарасы және Мәскеудегі Кремль мұнаралары сияқты нысандар маңын жарықтандыруға көп көңіл бөлінген. Электр жарығы көздерімен жарық мүмкіндіктерін зерделеу кең таралған  уақытты, яғни  XIX - ХХ ғасырдың аяғында әлемдік көрмелер бола бастады. Қараңғыдағы әр жарық көзі кеңістікке күтпеген жерден жайлылық сыйлай алатындықтан ағылшындар бұл сипаттаманы орналастыру әдісі деп атады. Өйткені, түнде жанбайтын барлық нәрсе түнеріп тұрады, тіпті ең әдемі мүсіндер қорқынышты елеске айналады. Осы орайда «Сыртқы сәулеттік жарықтандыру» жанры жайлы айта кеткен жөн, ол шамамен 120 жыл бұрын пайда болған.
Қазіргі кезде түнгі қаланы безендіруге қолшатырлар қолдана бастады. Күздің жауынды күндерінде сенімді серігімізге айналған қолшатыр тек қорғаныс қызметін атқарып қана қоймай, қала көшелерін сәндеуде қажетке жарауда. «Агитагуэда» атты көркемөнер фестивалі барысында Португалияның Агеде қаласында қолшатырдан шымылдық жасалды. Дизайнерлік өнердің қайталанбас туындысы өткен-кеткен адамдардың жандарын жадыратып, қуаныш сыйлаған. Осылайша жобаға "Umbrella Sky" атауы берілді. Онда жүздеген қолшатырлар қоғамдық көлікт жүріп өтетін көшелердің жоғары жағына ілінген. Мұнда пайдаланылған ашық түсті қолшатырлар  күздің жауынды күндерінде тұрғындардың көңілін көтеруге себепкер болған.
Бүгінде Қызылорда қаласы да күн санап көркейіп келеді. Қаладағы түңгі жарықтандырудың жөні тіпті бөлек. Орталық алаңдағы «Өнер арбатына» да жоғарыда атап өткеніміздей түрлі-түсті қолшатырлар бар шымылдық ілінді. Бұл безендіру қала тұрғындары мен қонақтарына қатты ұнап, қазір сол жерге келіп суретке түсушілердің қатары көбеюде.
20 қыркүйек 2019 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031