» » Уәлибек Әбдірайымов Есен Елеукен мен Тұрсынбектің жанжалы жайлы батырып айтты

Уәлибек Әбдірайымов Есен Елеукен мен Тұрсынбектің жанжалы жайлы батырып айтты

  "Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов әзіл әлеміндегі інілері Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың жанжалына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл даудың туындауына не себеп болғанын айтып, кімнің ойын дұрыс санайтынын жеткізді деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы.
Танымал әзілкеш Қабатов пен Елеукен не бөлісе алмай жүргенін ашық айтты.

"Қазір осыны айтсам, Тұрсынбек те, Есен Елеукен де ренжиді. Біз қазақ болғаннан кейін қазақ қалжынына қызмет етеуіміз керек еді. Екеуі де ақыры сол жобаны Ресейден алған екен. Ресейдің КВН шарасын қазақша қылып енгізейін деген. Солардан үлгі алғаннан кейін неге аяғына дейін алмады? Не "Жайдарман", не "КТА" болып қалмады ма? Біреу ғана, екеуі де бірдей ғой. Олар осыны істегенде мен оларға кешірім беретін едім.
Олардікі жарыс, екеуінікі бірдей. Тек марапаттау мен сыйлық беруі ғана әртүрлі. Тіпті әзілдері де бірдей. Неге онда бірікпейді? Бөлісе алмайды. Нан бөлісе алмайды, сөздің ашығына келгенде.

Мәселен, Тұрсынбекке "Әзіл әлемі" деген жобасы жетер еді. Оған да шақырып жатыр еді. Есен Елеукен ағасна барып, "Аға көмектесейін мен "Жайдарманға", анда-санда барып тұрайын қазы ретінде, сіздерден шыққан мықтыларды өзіме алып тұрайын" деп айтуы керек еді. Онсыз да жобалары көп қой оның. Бәрі бір сарынды, сол КВН-дегі жігіттер әзіл айтады. Арасында олардың қасына жұлдыздарды қосып қояды.
Көп жобаны бұларға біреу ғана қылу керек еді. Болды. Сосын қасына біреуді жинады ма, өзінен де мықтыны жинау керек еді. Мына сөзімді естісе, кешірсін. Мен өзіме бір адамды шақырам, өзімнен мықтыны таңдаймын" , - дейді Уәлибек Әбдірайымов.
22 қыркүйек 2019 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031