"Келіні өзінен айнымайды": Экс-вице-министр мен тележүргізушінің ұлы шаңырақ көтерді (фото)
Белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Заирова мен бұрынғы вице-министр Айбатыр Жұмағұловтың ұлы үйленді. Тележүргізуші қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Гүлбаршын Заирова келіні мен ұлына деген жүрекжарды тілегін желіде жазған. Ол онда:
"Махаббаттан жаралғандарымның заңды некелесу рәсімін табиғаттың өзі сүйсініп, көзін ашып, сәулесін шашып, тамашалап тұрды. Мәселе - некенің заңдылығында емес, жүректің тазалығында, пәктігінде, сұлулығында. Өздеріңе лайықты, өздеріңдей сұлу ғұмыр тіледім өздеріңе", - деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары бұрынғы шенеунік пен тележүргізушінің ұлына жылы тілектерін жаудырды.
"Балалар бақытты болсын", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Келініңіз өзіңізден айнымайды", "Әдемі жұп", "Бақтары ашылсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.