» » 89 азамат есепке алынды

89 азамат есепке алынды

Іс-шараның басты мақсаты - әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.
Іс-шара барысында барлығы 12104 тексерістер жүргізілсе, оның ішінде 3615 пәтерлер және 8489 жеке меншік үйлер араланды.
Тексеру барысында, облыс көлемінде барлығы 7 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, белгілі тұрақты жері жоқ 17 тұлға ұсталып, қабылдау тарату орындарына жатқызылды. Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 547 тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен қылмыстарды қайта жасамау бағытында профилактикалық әнгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында барлығы 89 тұлға ішкі істер органдарының әр түрлі санаттарымен профилактикалық есебіне алынды. Облыс көлемінде көші-қон заңнамаларын бұзудың 99 дерегі анықталып әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, 1 азамат елімізден тыс шығарылды.Сонымен қатар, барлығы 1128 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

27 қыркүйек 2019 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031