» » Ардагерлерге құрмет көрсетті

Ардагерлерге құрмет көрсетті

    Қызылордалық полицейлер Қарттар күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күніне орай қарияларға құрмет көрсетіліп, қызылордалық полицейлер салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты.
    Өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде алып бәйтеректей бір әулеттің ақылшы тірегі, ұжымның арқа сүйер ардагерлерін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Жеңісбайұлы құттықтап, оларға алғыс білдірді. Шара барысында Қызылорда облысы ішкі істер органдарының зейнеткерлерін марапаттау туралы департамент бастығының бұйрығына сәйкес бірқатар ардагерлер марапатталды. Салтанатты іс-шара полиция қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертке ұласты. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
"АЖ" ақпарат

29 қыркүйек 2019 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031