» » «ЖАС ҰЛАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«ЖАС ҰЛАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

   
Қызылорда обылысының дарынды жастары, жастайынан жақсылыққа еліктеп «Уақыт босқа кетпесін, бірде бір күн мейірімсіз өтпесін»- деген ұранды жандарына серік етіп жүрген жастар «Жас Ұлан» орталығына бірікті. Орталықтағы әрбір жас ұлан  қарапайым, әрі жауапты!  Өзіне талап қоя білетін, қоғамда өзіндік қолтаңба қалдырғысы келетін жас! Олардың әрқайсысы  коммуникативтік қабілеттерге ие, ұстанымын өмірмен ұштастырғысы келетін    тың иедеялардың авторы десе  болады! «Жас Ұлан» орталығына  бес жүз жасөспірімдер  мен жастар біріккен! Орталықтың өз жұмыс жоспары бар. Алдағы уақытта орталық мүшелері тың идеяларымен бөлісу үшін
Тәлімгерлер мен оқушылар  кеңесінде бас қосатын  болады. Олар бас қосуда  қоғамдық тапсырмаларды, өз міндеттерін бөлісіп, бекітіп  алатын  болады.
    Орталық мүшелері  алдын-ала жүргізген сауалнама нәтижесінде алдағы күндерде, өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілікпен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында «ПЛОГИНГ» жасап, отбасылық тәрбие арқылы отбасылық дәстүрлерді сақтауға және отбасының әлеуметтік – мәдени құндылықтарын қалыптастыру  мақсатында «Family day» жобасын іске асырады.Үйде оқитын баланы моральдық қолдауға оның қоғамадағы әлеуметтік бейімделуіне,оқушылардың бойында мейірімділік сезімін мүмкіндігі шектеулі адамдарға құрметін арттыру мақсатында «Adal friend» жобасын іске асырмақ.Қызылорда қаласындағы   көшбасшыларымен бас қосу ұйымдастырып, «Эко boom» жобасын іске асыратын  болады. Көшбасшылық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімді насихаттау  мақсатында «Біз – Көшбасшы жастармыз, Елді алға бастармыз» атты көшбасшылар тренингі жоспарланды. Журналистикаға  бейім жастарды анықтап, оларға мүмкіндік жасау мақсатында «Медиа жұлдыз» жобасы іске асырылады. Жалпы  жастар мен жасөспірімдер арасында бас қосу ұйымдастыру, белгілі тақырыпта ойларымен бөлісіп, бір–біріне кеңес беру мақсатында дәстүрлі  тренингтер өткізілетін болады.
Облыстық  «Жас Ұлан» ұйымы
28 тамыз 2019 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031