» » Біз көшбасшы жастармыз, елді алға бастармыз

Біз көшбасшы жастармыз, елді алға бастармыз

 
"Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығында қала мектептері жасұландықтар арасында "Біз көшбасшы жастармыз, елді алға бастармыз!" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде оқушылар арасында жаңадан қалыптасқан топтағы балаларды бір-бірімен жақын таныстыру, көшбасшылар арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында "Кел, танысайық!" атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар туристік-экспедициялық және өлкетану бағдарламалары арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу мақсатында ұйымдастырылған "Өркениет өзені" экспедициясынан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта өткізілетін "Асыл мұра" этнографиялық фестивалінің  ережесін бірлесіп  дайындық жұмыстарын пысықтады.
   Орталықта өткен  бұл дөңгелек  столдың ең бір керемет тұсы, ұландар  Сыр бойында өзінің   талабымен таң қалдырып жүрген Сағатбек  Қуанышбайұлымен  кездесу өтті.
"Жас Ұлан" орталығының мүшелерімен  қуана кездескен жас патриот Сағатбек Қуанышбайұлы өзінің  түрлі жобаларымен бөлісіп, тәжірибелерімен таныстырды. Ұландармен  ортақ тіл табысқан Сағатбек Қуанышбайұлы ұландардың құрмет кітабына «Жас Ұландар, сіздермен кездескеніме қуанышытымын! Әркезде  белсенді, озат  болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің  игілігі үшін бірге қызмет  етейік»-деген  тілегін қалдырды. Жас ұландықтар да өз кезектерінде, қадірлі қонаққа арнап өлең оқып, әндер шырқады. Әсіресе бірге орындаған Р.Таймановтың  «Қызылорда» әні көшбасшыларды біріктіре түскендей болды. Патриот ағаларынан өнеге алған ұландар Сағатбек Қуанышбайұлын «Жас Ұлан» ұйымының  құрметті  мүшелегіне қабылдап, естелік  суретке түсті. Шара соңында келер 2020 жылы еріктілер жылында атқарылатын істерді жоспарлау үшін кездесу уақытын белгіледі. Осылайша кездескен патриоттардың еріктілер жылында атқарар істері де толағай болмақ!
Облыстық  «Жас Ұлан» ұйымы
26 қыркүйек 2019 ж. 1 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031