» » "Бізде небір бомба қыздар бар": Айқын жалаңаштанған әншілерді жақтады

"Бізде небір бомба қыздар бар": Айқын жалаңаштанған әншілерді жақтады

Айқын қазақ сахнасында жалаңаштана ән айтып жүрген әріптестеріне ешқандай сын айтпайтынын жеткізді. Өнер адамдарына бәрі жарасады деген пікір айтты.
Айқынның айтуынша, жалаңаштану ұятты іс емес, керісінше әртістерге тән қасиет. Ол үшін жалаңаш жұлдыздарды сөгудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz арнасына сілтеме жасап. 
"Мәселен, Ресейдің әншісі не шетелдің әншісі жалаңаштанып ән салып тұрса, ешкім таңғалмайды. Керісінше әдемі деп баға береді. Бізде де небір бомба қыздар бар. Олар сахнаға шықса, бәрі таңғалып, ұят емес пе дейді. Менталитетке тән емес шығар, бірақ олар әртістер ғой", - деді Айқын. 
Алайда Айқын жары Жұлдызға ашық-шашық киім кигізбейтінін айтты. Мұнысын былай деп түсіндірді. 
"Себебі Жұлдыздың тыңдарманы жалаңаш образды қабылдай алмайды. Оның тыңдарманы басқа, менің тыңдарманым басқа", - деді әнші. 
Бұған дейін Мақпал Жүнісова жалаңаштанған әншілердің сынға алған болатын. Тіпті заң шығарып, ондайларды сахнадан қуу керек деген пікір айтты. 



01 қазан 2019 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930