Төтенше жағдайлар бөлімінде болды

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» аудандық бөлімінде 35 қызметкер еңбек етеді. Бөлімде қызмет ететін өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігі жоғары. Сонымен бірге, аталмыш бөлімде 1 камаз, 1 урал, 1 Зил өртке қарсы қызмет көрсету техникасы бар. Бөлім тарапынан тұрғындарға орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың себебі жөнінде ұдайы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау басты назарда болу керектігін айтты. Сонымен бірге, өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігін көтеру үшін арнайы жоспар құрып, оқу-жаттығу ұйымдастыруды тапсырды.
Қызылорда облысы ТЖД