Жаңа технологиялар сотта кеңінен қолдануда
Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Бүгінгі күні соттармен арадағы құжат айналымы мәселесі бірте-бірте қағаздан электрондық пішімге ауыстырылып, судьялар мен сот қыз-меткерлері жаңа заман талаптарына сай жұмыс атқарып отыр. Бүгінгі таңда соттар «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жұмыс атқаруда. Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың бірі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Соның бірі 2014 жылдан бастап сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. «Сот кабинеті» – сот орган¬дарының сервисіне электронды түр¬де қолжетімді біртұтас терезе. Сонымен қатар, СМС-хабарлама мен гибридтік пошта жүйесі енгізілді. Бұл сот шығындарын едәуір қысқарта отырып, процеске қатысушыларды хабарландыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады. Айта кету керек, бүгінгі күні барлық сот залдарындағы аудио-бейне жазба құрылғылары «Төрелік» жүйесімен интеграцияланып, 100% жабдықталған. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелеріне бейнеконференцбайланыс жүйесі жүргізілген. Қызылорда аумағында орналасқан Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесіндегі және Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елдімекеніндегі түрмелердегі жазасын өтеушілерге қазіргі күні осы бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге, сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіншілік бар. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференцбайланыс арқылы тараптардың сот процесіне қатыстырылуы қамтамасыз етілген. Мәселен, сот процесі Қызылорда қалалық сотына тағайындалып, тараптардың бір жағы өзге облыста болса, ол өзіне жақын кез келген сотқа барып, бейнеконференцбайланыс арқылы Қызылорда қаласында тағайындалған сот процесіне қатысуға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, бүгінгі күні республика бойынша бірінші рет Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік істер бейнебайланыс арқылы қаралуда. Сот отырыстарын бейнебайланыс арқылы өткізу уақытты үнемдеп, сот ісін жеңіл әрі жедел жүргізуге ықпал ететіндігін атап өткен жөн. Бұл сот ісінің жариялылығы мен ашықтығы, еліміздің әрбір азаматының әділ сотқа еркін қол жеткізуге, өзінің конституциялық құқығын қорғауға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. 2017 жылғы 13 қыркүйекте Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысы іске қосылды. Ахуалдық орталық – онлайн режимде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі. Ахуалдық орталық – сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі. Ол тараптардың бірі қандай да бір кемшілікті айтып сотқа жүгінгенге дейін оны анықтап, жоюға мүмкіндік береді. Жұмамұратов Азамат Аллабергенұлы,
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы