Телеграм бот - қызмет алудың оңай тәсілі

Әсіресе, бұл жүйе таңнан кешке дейін жұмыстан босамайтын азаматтар үшін тиімді. Жұмысынан сұранып не болмаса түскі үзілісті пайдаланып орталыққа келіп уақыт жоғалтпайсыз. Тағы бір ерекшелік, Telegram ьот екі тілде қызмет көрсетеді. Атында жылжымайтын мүлкі бар-жоғы, емханаға онлайн тіркелу, наркодиспансер, психоневрологиялық диспансер, тубдиспансерде есепте тұрмайтыны, әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы және басқа да анықтамаларды мен қызметтерді үйден шықпай-ақ смартфон арқылы алуға болады. Бұл анықтамаларды алу үшін мобильді базаға ұялы телефон нөмірін тіркесе болғаны.
✓✓EgovkzBot-тан қызметтер мәзіріне өтесіз.
✓✓Өзіңізге қажетті анықтаманы таңдайсыз.
✓✓Құптау үшін ұялы телефоныңызға келген смс хабарламадағы кодтты енгізесіз.
✓✓Мәртебені тексеріп, дайын анықтаманы ашасыз немесе электронды поштаға жібересіз.
Гүлмира МОЛДАҚОЖАЕВА