» » «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2019»

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2019»

   Қызылорда қаласындағы Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ботагөз Таңқыбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог – 2019» байқауының Қызылорда облысы бойынша жеңімпазы атанды.  Ол техникалық және кәсіптік білім бағытында үздік деп танылды. Марапат иесі Ботагөз Рахманқызы Қарпықұлы атындағы колледжі директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері. Бірнеше оқу-әдістемелік кітаптардың авторы, оқушылары түрлі байқаулардың жеңімпазы. Марапат иесі 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және “Үздік педагог” белгісін иеленеді. Ботагөз Рахманқызын және колледж ұжымын құттықтаймыз!
 
07 қазан 2019 ж. 3 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031