YOUTH FORMULA
Мерекелік шара балабақшалардың, ерікті жастардың, қоғам белсенділерінің, этномәдени ұйымдардың, өңір спортшыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен "Достық үйінен" жастар карнавалымен бастау алды.
Жиналған қауым түрліше өрнектелген балалар көрмесін таныстырып, ертегі кейіпкерлерінің және дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, түрлі аспапта ойнау арқылы мерекені тамашалады. Жалпы 100-ден аса қатысушыны қамтыған жастар карнавалы қала тұрғындарын қызықты мәдени көпшілік шара орталығына апарды.
Орталық алаңда асық ату, "Workout" спорттық сайыстары, жас отбасылар арасында "ТОЛАҒАЙ" спорттық сайысы, тіпті гаджет ойындарынан бас тартып, қарапайым достыққа баулитын «Біз де бала болғанбыз» атты ескіден қалған аула ойынына қатысуға ниет білдіруші қала тұрғындары арасында сайыс өтті. Сайыста жеңіске жеткен қатысушылар бағалы сыйлықпен марапатталды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағам түрі бауырсақтан дәм татты. Шара одан әрі «LIVE ARBAT» жастар концертімен жалғасып, студенттер ән шырқап, түрлі аспапта ойнап орталық алаңды ерекше реңге бөледі.
Қазір облыстағы Қорқыт ата кешені, «Байқоңыр» ғарыш айлағы еліміздің ғана емес, шетел жиһанкездерінің басын қосатын, нысан екені белгілі. Жаңақорғандағы шипажай да еліміздегі медициналық туризмнің дамуына үлес қосып келеді. Мектеп оқушыларына арналған фестивальдің мақсаты – отандық туризмнің маңыздылығын түсіндіру. Бірнеше жылдан бері фестиваль студенттер арасында өтсе, осы жолы алғаш рет оқушылар арасында ұйымдастырылды. Бұл күні олар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Тұңғыш Президент паркі, теміржол вокзалын аралап, тарихымен танысты. Сондай-ақ, сол жағалаудағы Жастар орталығында «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында шығарма жазып, сурет салды. Туризм – экономиканы дамытудың тетігі, табыс көзі екені белгілі. Алдағы уақытта да жастар арасында туризмнің маңыздылығын түсіндіріп, дамыту мақсатында туристік нысанда шаралар ұйымдастырылатын болады.