"Фигурасын" көрсетіп билеген Алтынай Жорабаева ұятқа қалды (Видео)
Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желі қолданушыларына дене мүсінін көрсетіп, елді таңғалдырды. Көпшілік көпбалалы ананың қатты арықтап, жас қыздай болып қалғанын жарыса жазуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жорабаева Instagram парақшасына айна алдында түрлі би билегенін жүктеп, елдің қызу талқысына қалды.
Бейнежазбадан күйеуінен ажырасып кеткен әншінің сымбатты дене бітімін көруге болады. Желідегілер өнер иесінің біршама салмақтан арылғанын жазды.
Алайда, шоу-бизнес жұлдызының заманауи би билегені көпшілікке жақпаған сыңайлы.
Бірі Жорабаеваның жас қыздай көрінетініне тамсанса, енді бірі оның жасаған қылығын жасына сай емес деп тауып жатты.
"Мұндай қылық жараспайды" , "Не істеп тұр?" , "Күшті, жас адам сияқтысыз" , "Жасына сай емес мүлде" , "Әлі де жас қыздай" , "Масқара, ерсі көрінеді екен" , "Ол биді емес, телефонын көрсетіп жатыр" , "Намаз оқушы еді ғой. Бұл қылықты қалай түсінуге болады?" , - деп жазуда көпшілік.