РУХТЫ ЕЛДІҢ ІРГЕСІ СӨГІЛМЕЙДІ
Ертең − рухани келісім күні. 1992 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Алматы қаласында өткен Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінен соң «Рухани келісім» күні ерекше аталып келеді
Халықтар достығы − тәуелсіз қазақ елінің маңызды жетістігінің бірі. Елімізде 130-дан астам этнос өкілімен 17 конфессия өкілі бейбіт өмір сүруде. Жаһандық қатынастарды қарасақ бір-біріне бауыр елдермен ұлттар арасында, тіпті бір елдің ішіндегі түрлі қақтығыстар болып жатады. Қазіргі таңда түрлі этносқа жататын адамдарды біріктіру үшін рухани құндылықпен қатар, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері назар аудару қажет. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы абыройлы жұмыс атқаруда.
− Қазақстандағы халықтың рухани мәдениетін нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіру үнемі қадағалауды қажет етеді. Әлемнің руханилығын нығайтуда, мәдениетпен өркениеттің үн қатысуын кеңейту маңызды қадам. ҚХА жанындағы Ғылыми сарапшылық топ еліміздің рухани келісімін нығайтуда. Рухани келісімді орнату бағытындағы жұмыс, бірінші ретте жастар арасында жүргізілу қажет. Толеранттылықты жастар бойына сіңдіру арқылы ғана біздің елде тұрақтылық пен даму болады, − дейді «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уәлихан Ибраев.
Рухани келісім күнінің маңызы зор. Себебі ата-бабаларымыз әр уақытта ар мен ұятты жоғары қойған. Қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлықтың нәтижесінде бүгінде елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстың және әртүрлі мәдениет өкілі тату-тәтті тіршілік етуде. Түрі бөлек болса да тілегі бір, тілі бөлек болса да жүрегі бір қазақстандықтардың айқын мақсаты − елдің жарқын болашағы. Еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына атаулы күннің қосатын үлесі зор.
Гүлбану МАҚАЖАН