» » БІЗ ҚАЗАҚҚА АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

БІЗ ҚАЗАҚҚА АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

1 наурыз Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні және  Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Елбасы  «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек және бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген  еді  Елбасы.
Мейрам Сыр өңірінде де тойлануда. Қазақстан кәрістер қауымдастығы Қызылорда облыстық  филалы жетекшісінің  орынбасары Цой Матвей, еврей этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Ли Людмила, Қазақстан кәрістер қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалы  жетекшісінің орынбасары Ким Юрий қатысып, бүгінгі мейрамның көпэтносты мемлекет үшін маңызы зор екенін  атап өтті.
    – Барша   қазақстандықтарға алғысым шексіз. Қиын-қыстау заманда бізге қолдау білдірді. Жанымыздан табылды. Бізге істеген жақсылықтарыңызға алғыс айтамын. Қазақ халқы бауырмал, кішіпейіл келеді. Үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге дайын тұрады. Сыпайылығы, салт-дәстүрі өзгелерден ерекше. Сондықтан Қазақстанды тастап ешқайда кетпеймін – деді Ким Юрий.
Жансая Сәбитбек,
                                                                                   ҚМУ-дың IV курс студенті
                                                                        
01 наурыз 2018 ж. 1 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031