ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

"Жас маман" жобасы негізінде еңбек ресурстары балансына сәйкес қажетті кадрларды даярлайтын 10 колледждің тізімі жасақталды. Сонымен қатар, оқу орындарында ауыл шаруашылығы, ветеринария, қызмет көрсету, құрылыс, техникалық және технологиялық, балық шаруашылығы, темір жол, өндіріс, тау-кен металлургия саласы бойынша оқыту бағдарламасы бекітілді", − деді Қуаныш Қуантқанұлы.
"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге бөлінген грант нәтижесінде 21 млн. теңге болатын 44 бизнес жобаға қолдау көрсетілген. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мәселесі бойынша облысымызға белгілі 7 құрылыс компаниясына 70 адамның жұмысқа тұруы үшін квоталар бөлінген.
Гүлбану МАҚАЖАН