» » Жүкті кезеңде кардиограммаға түсу міндеттелді

Жүкті кезеңде кардиограммаға түсу міндеттелді

   "Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етілу арқылы халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бағытында жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады". Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Былтыр Ақтөбе мемлекеттік университетінде 60 жалпы тәжірибелік дәрігерді даярлауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе, биыл 30 грант қаралды. Нәтижесінде өңірдегі бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдары толық аймақтық дәрігерлермен қамтылады. 2018 жылы облыстағы медициналық мекемеге 130 жас маман қабылданса, олардың 68-і ауылдық елді мекенде жұмыс істейді. Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің порталы арқылы жүргізілген бөліністен облыстағы 129 дәрігердің 63-і елді мекендерге баратын болады", – деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, Сыр елі республи­када алғашқылардың бірі болып халықаралық ұйым­дармен (ДДСҰ, ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2017 жылдан бастап пилоттық режимде жұмыс істейді. Ал былтырдан бастап барлық жүкті әйелдер мен 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық қызмет көр­сетудің әмбебап-прогрес­сивті моделін енгізілді. Бір­лескен істің нәтижесінде нәрестенің үйде қайтыс болу жағдайы – 24%-ке, жазатайым жағдайдан қайтыс болу – 44,1%-ке азайды.
– «Медицина – пациент» жобасы негізінде дис­пан­серлік есепте тұра­тын науқас өз ауруына байланысты медицина қыз­меткерінің көмегімен емін бақылауда ұстайды. Қазіргі кезде қант диабетімен, созылмалы жүрек ауруымен және қан қысымымен диспансерлік есепте тұра­тын науқастармен медицина қызметкері арасында әлеуметтік-ынтымақтастық келісімі жасалуда. Медицина қызметкері науқасқа қажетті медициналық тұрғыда көрсетілетін бар­лық көмек, оның ішінде уақытылы тексерілу, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, жоспарлы емдеу, зерт­ханалық тексеруді қам­та­масыз етеді. Ал науқас өз денсаулығына жауап­кершілікпен қарап, дәрігерлік нұсқауды бұл­жытпай орындауға тиіс. Қазір жобаға аталған 3 нозология бойынша 19030 пациент қатысты. Қатысуға тілек біл­дірушілер аймақтық дәрігерімен бірлесе жұ­мыс жасай алады, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Облыста әйелдерді жүктілікпен тіркелген уа­қытында және жүктіліктің 30-аптасында жаппай электро­кардиограммаға тү­сіру міндеттелді. Нәтижесінде бұрын байқалмаған жүректің туа, жүре пайда болған ақаулары мен жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары анық­талған жағдайда әйел­дердің маман кеңесін алуға және жоғары маман­дан­ды­рылған медициналық көмек алуына мүмкіндік туды.
18 қазан 2019 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031