Жұлдыз – жорамал
Тоқты
Қаржы мәселесінде аздаған кедергі болу мүмкін. Сондықтан да қалтадағыны қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Аптаны жанұяңызға арнап, жақын жандардың жанынан табылыңыз.
Торпақ
Бойыңыздағы күшіңізді бекер жұмсамас үшін отбасы және жеке өмірдегі жоспарыңызды айқындап алған жөн. Қандай да бір дау-дамайлы әңгімеден алыс жүріп, оны тек сырттан бақылаған дұрыс.
Егіз
Қандай істі қолға алсаңызда, алдымен сараптама жүргізіңіз. Амал дос пен адал досты ажырата білу маңызды. Тек сонда ғана ісіңіздің сәтті боларына сенім мол. Жаныңызда сенімді адамның жүргенін біліңіз.
Шаян
Болашаққа тек оңды көзқараспен қарап, бәрінің де жақсы болатынына сеніңіз. Айналаңыздағы болмашы дүниенің өзі сізге қуаныш сыйлауы мүмкін. Аптада есте қаларлықтай бақытты сәттер көп болады.
Арыстан
Қандай жағдай болмасын, ақиқатты айтуға тырысыңыз. Сонда ойыңыздағыңыз орындалып, жаңыныздағы адамдардың сізге деген сенімі арта түседі. Жаңалықтарға толы болмақ.
Бикеш
Өткен істі қазбалаудың қажеті жоқ. Одан да жаңаға бет бұрыңыз, бүгінгі күнмен өмір сүріп, болашаққа жоспар жасай білуге дағдыланыңыз. Өткен өміріңізгі жағымсыз естеліктерді ойланбастан ұмытыңыз.
Таразы
Кез келген тәуекелге дайын болыңыз. Бұл да ерлік, бұл да жағымсыз жағдайдан шығудың бір жолы. Апта қарбалас болмауы үшін бәріне де үлгеру үшін алдын ала жоспар жасап алыңыз.
Кез келген тәуекелге дайын болыңыз. Бұл да ерлік, бұл да жағымсыз жағдайдан шығудың бір жолы. Апта қарбалас болмауы үшін бәріне де үлгеру үшін алдын ала жоспар жасап алыңыз.
Сарышаян
Әр күніңізді жақсылықпен көркемдеуге тырысыңыз. Барынша шынайы болыңыз. Өткен оқиғаларды жаңашылдыққа бет бұрыңыз.
Мерген
Жақсы адамның қас-қабағына қарауға тура келеді. Сондықтан да ісіңіз бен сөзіңізге барынша мұқият болған абзал.
Тауешкі
Аптада жаңа жұмысқа ұсыныс түспек. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланып алған жөн. Дегенмен қалтаңыздың қалыңдауын емес, тұрақты жұмысты іздеген жөн. Сондықтан жұлдыздар асықпай шешім қабылдауға кеңес береді.
Суқұйғыш
Айналаңызға жылы қабақ танытып, барынша жұмсақ, кішіпейіл болуға талпыныңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға баспақ. Бәріне де мұқият болыңыз.
Балық
Арманға жетуге қойған бағытыңыз дұрыс, енді аянбай еңбектенген жөн. Денсаулығыңыз үшін жаңа әдеттер қалыптастырыңыз. Сүйгеніңізге көңіл бөліп, серуендеуге уақыт табыңыз.