Өрімдей жігіт өзін өртемек болды
Өзін өртемек болған жігіттің оқиғасын қаладағы №5547 әскери бөлімі растады. Оқиға кеше кешкі 19:00 шамасында Шұғыла мөлтек ауданында болған. Гараждар арасынан адамның шыңғырған даусын естіп оқиға орнына №5547 әскери бөлімінің №753 маршрут сарбаздары қатардағы әскери жасақ бастығы Сағдат Мейірбек, Бейбіт Есқара, Мейірбек Әбдіәзім жеткен. Олар жанып жатқан адамды көріп, үстіндегі киімін шешіп алып, жерге аунатып, отын өшірген.
– Денесі 80 пайыз күйген. Үстінен бензиннің исі шығып тұрған. Сарбаздар жедел жәрдем шақырып, полицияға хабар беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Тергеу нәтижесі бойынша аталмыш азаматтың 1993 жылы туылған Қызылорда қаласының Сәулет мөлтек ауданының тұрғыны екені белгілі болды.Қазіргі таңда ауруханада. Суицидке бару себебі белгісіз, – деді 5547 әскери бөлімінің сол күнгі әскери жасақ кезекшісі Ақылбек Жұмабай.
Гүлбану МАҚАЖАН