» » Жүкті әйел біліп жүруі керек

Жүкті әйел біліп жүруі керек

Аяғы ауыр әйелдерге қатысты түрлі белгілер мен тыйымдар қай елде болса да жетіп артылады дейді nur.kz.
Осыған орай, ел арасында кеңінен таралғандарын оқырман назарына ұсынбақпыз.
  1. Егер жүкті әйел толып, салмақ жинай бастаса қыз бала туылады деген сөз.
  2. Іш көріне бастағанға дейін күйеуінен басқа ешкімге жүктілік жөнінде тіс жармау керек.
  3. Тік шыққан іш - ұл, жалпақтау формалы болса - қыз бала.
  4. Сәбидің алғашқы қозғалысы оң жақ белдің маңында орын алса, ұл туылады. Ал сол жақ бел болса, қыз бала дүниеге келмек.
  5. Егер жүкті әйелдің оң жақ төсі сол жаққа қарағанда үлкенірек болса, ұл туылмақ.
  6. Баланың атын туылғанға дейін жария етуге болмайды. Оған зияны тимек.
  7. Туылмаған балаға алдын ала киім дайындауға болмайды.
  8. Соңғы айларында әйел адамға мысыққа жақындамау керек. Сол кезде баланың жаулары аз болады.
  9. Екіқабат келіншектерге күміс не алтын алқа тақпаған жөн.
  10. Аяғы ауыр аруларға кіре берісте отыруға тыйым салынады.
  11. Екіқабат әйелдің қалауын үнемі орындау керек. Әйтпесе босану қиынға түспек.
  12. Әйел адам жаман нәрселер мен ұсқынсыз көріністерден аулақ болу керек. Әдемі заттарды көп қарайтын келіншектердің сәбилері де сұлу әрі бақытты болады деседі.
  13. Жүкті әйелдерге қолөнермен айналысуға болмайды.
21 қазан 2019 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031