» » Отандық белгілі әнші қыз желіде ұтыс ойнатып, қатысушыларды "лақтырып" кеткен

Отандық белгілі әнші қыз желіде ұтыс ойнатып, қатысушыларды "лақтырып" кеткен


КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қонаққа келген кейіпкер танымал әнші Дана Кентайдың әлеуметтік желіде ойнатпақ болған лото-ойынына қатысып, сан соғып қалғанын сөз етті. Айтуынша, өнер иесі бағалы сыйлықтарды уәде етіп, артынша мүлде ұтысты ойнатпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Бағдарламаға келген Нұрлан есімді азамат 5000 теңге беріп, танымал әншінің ұтысына қатыспақ болғанын сөз етті.
Алайда ақша жиналғаннан кейін ұйымдастырушылар лото ойнатылмайтынын айтып, қатысушылардың ақшасын қайтармай қойған екен.
"Ақшаны бермеді. Берсе, бердік деп айтамыз ғой. Ауылда ұтысқа қатысқан 15-шақты адам бар. Қайтарылмады", - дейді жігіт.
Ал Дана Кентайдың өзі "лоторея ойнатылмай, жиналған ақшаға Дубайда қыдырып жүр" деген қауесеттерге жауап берді.
"Дубайға іс-сапармен бір жағынан демалуға барған кезде жаныма Жеңісбек еріп барды. Көмекшім ретінде.
Сол кезде Дубайға барғанымызды да адамдар сөз қылыпты. Айтуынша, лотореяның ақшасын алып сонда жүрген шығарә" деген сияқты.
Өте ауыр тиді. Лото билетін 50-60 адам сатып алды. Олардан жиналған 200-300 мың теңгеге Дубайға барып-келе алмайсың. Оны адамдар түсінбейді", - деді әнші.
Өнер иесінің арт-директоры Жеңісбек есімді жігіт лотоға бар-жоғы 60 шақты адамның қатысқанын, олардың біразына ақшаның қайтарылғанын сөз етті.
"58 адам ұтысқа қатысты. 40 адамға ақшалары қайтарылды. Әлі 18 адам бар. 18 адамның ақысын мен жемеймін. Осы айдың ортасына дейін ақыларыңызды қайтарамын деп қатысушылардың бәріне айтқан едім", - дейді жігіт.
Әлеуметтік желіде ұтыс ойнататынын хабарлаған Дана Кентай шын мәнінде бұл байқауға қатысы жоқ адам болып шықты.
Жеңісбектің сөзінше, өнер иесі ойнатқан көлік Гүлдана есімді әйелге тиесілі болған.
Балдаққа сүйенген келіншектің айтуынша, ол көлігін ұтысқа тігіп, одан шыққан табысқа биік көлік алмақшы болған. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі көмекке зәру Нұрбек есімді балақайдың еміне жіберілуі керек еді. Алайда билеттер сатылмай, жоспар құрдымға кеткен.
Сонымен қатар, жұлдыздың көмекшісі Гүлдана есімді әйелден жарнама үшін 300 мың теңге алған, алайда ақшасын әлі күнге дейін қайтармапты.
"Бір қыз хабарласты. Оқып, бүгін қолым тимейді деп едім маған хат жолдапты. Сосын Жеңісбекке ұрыстым. Сол кезде Жеңіс "ол ақшаны мен Дубайға қосып жібердім" деп айтты", - деді Дана Кентайдың продюсері Ақылбек Досжанов.

23 қазан 2019 ж. 1 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031