» » Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Қызылордада төрт жасар ұлын құтқарамын деп автобус астына түсіп көз жұмған ер адамның туыстары марқұм туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көз жұмған Самат Жалғасбаев 30 жаста болған. Қызылордада дүниеге келген ол таяуда ғана туған күнін атап өтіпті.
Туыстары оны ұстамды, сабырлы, кез келген жұмыстан тайынбайтын адам ретінде еске алды. 
«Еңбекқор адам еді. Кез келген нәрсені өзі жөндеп алатын. Ғаламтордан роликтер көріп, нұсқаулық бойынша өз қолымен үйіне арналған түрлі заттарды жасайтын», - дейді марқұмның туысы Көптілеу Қосбармақов.
2011 жылы шаңырақ көтерген Самат Жалғасбаевтың артында жұбайы мен Заңғар, Сұңғат есімді қос ұлы қалды. 
Апаттан зардап шеккен 4 жасар ұлы бүгінде ауруханада жатыр. Туысының сөзінше, оның беті бері қарап келеді.
Еске сала кетсек, Қызылордада 4 жасар ұлын құтқармақ болған әкесін автобус қағып мерт қылғанын хабарлаған едік. Ал зардап шеккен бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 
Полиция мәліметінше, автобус жүргізушісінің тұлғасы анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. 
23 қазан 2019 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031