» » Суррогат ана – баспаналы болудың оңай тәсілі

Суррогат ана – баспаналы болудың оңай тәсілі



   

29 жастағы Тараз қаласының тумасы Әлия Құрманәлиева суррогат ана болып табыс тауып жүр.
Ол бүгінде уақытша Мәскеу қаласында тұрып жатыр. 6 жасар Жанель есімді қызы бар.
Әлия Құрманәлиеваның айтуынша, суррогат ана болуға өміріндегі қиыншылығы итермелеген. Бұған тек жұмыс ретінде қарайтын ол үшінші сәбиіне аяғы ауыр. 
«Ақша жағынан қиындықтар болған соң, бұл – баспаналы болудың оңай тәсілі десем болады. Бірінші қазақ отбасынан, екіншісі қытай отбасына. Тағы да қытай отбасыға суррогат ана болып жатырмын», - дейді ол. 
Жас келіншек өзі босанған сәбилерді ата-анасына табыстар кезде еш қиналмайтынын айтады. Себебі, тоғыз ай бойы осы сәтке өзін психологиялық тұрғыдан дайындайды екен. 
«Бұл бала менікі емес» дегендей ой миымда сақталып қалған. Бұл іске ақша үшін барып тұрғаннан кейін сол қаражатқа үй мен өзіме керек затымды аламын деген алдыма арман-мақсат қойдым. Сол мақсатыма орай Құдай сәтін салып, баланы аман-есен тапсыруға тырысамын. Құдайға шүкір, қазақстандағылармен әлі күнге дейін хабарласып, қалын сұрап тұрамын. Баланың жағдайы туралы маған айтып тұрады. Өзім де көріп тұрамын баламды. Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын», - деді Әлия Құрманәлиева. 
23 қазан 2019 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31