«Ордамен» үй алу оңай

Баспана алу үшін үш-төрт жылдан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жинаған жас отбасы сол жағалаудан «Орда» бағдарламасымен үй алу үшін өтінім тапсырады. Отағасы Қолғанат Садықов жеке кәсіппен айналысса, зайыбы Гауһар Жалғасбаева бүгінде бала күтімімен үйде.
– Үй алу үшін аздан болса да ақша жинай бастадық. «Орда» бағдарламасын естігенде бізге арнап шығарылғандай қатты қуандық. Шынында да өте тиімді. Қазір конкурстан өтіп, жақында салтанатты түрде өз үйіміздің кілтін алуға асығып отырмыз,- дейді Гауһар Жалғасбаева.
Жастар жылында жас отбасылардың баспаналы болып қуанышқа кенелуіне септігін тигізген «Орда» бағдарламасы талайды қуантады әлі.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.