Әйел 10 тісін жұлдырғаннан кейін көп қан жоғалтып көз жұмды
Daily Mail басылымының мәліметінше, 2017 жылдың жазында тіс дәрігері Тушар Пательдің қабылдауына бір әйел келген. Дәрігер 13 және 18 шілдеде оның бес-бестен, жалпы саны 10 тісін жұлыпты. Пациент оған қанды сұйылтатын дәрі ішіп жүргенін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әйел қан кетуінің салдарынан алғашқы медициналық көмек көрсету пунктіне жүгінеді. Дәрігерлер оған тиісті көмек көрсетіп, үйіне жіберген. Алайда 19 шілдеде әйел үйінде есінен танып қалып, көз жұмған.
2019 жылдың қазан айында стоматология бойынша бас кеңес тыңдалым өткізіп, соның нәтижесінде Пательді кәсіби жарамсыз деп таныды. Себебі ол пациенттің медициналық тарихын қарамаған және қанды сұйылтатын дәрі ішуінің салдарынан қан кету қатері жоғарылауы мүмкін екенін ескермеген. Сонымен қатар дәрігер тісті жұлғаннан кейін оның орнын дұрыс емдемей, отадан кейін не істеу керектігі жөнінде кеңес бермеген, дейді.
Ал Патель өз жұмысындағы кемшіліктерді «толықтай мойындады». Кеңес оны дәрігерлік қызметінен 12 айға шеттету туралы шешім шығарды. Аталған шешім 11 қарашада күшіне енеді.
Өз кезегінде Патель көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар ол үнемі пациенттеріне жақсы қызмет көрсетуге тырысқанын, алайда кеңестің тұжырымдарын мойындайтынын айтты. Жұмысымдағы кемшіліктер үшін қатты өкінемін, дейді ол.