» » Бас жүлде Мұхтар Ниязовта

Бас жүлде Мұхтар Ниязовта

Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде
«Тариxы терең, еңбегі ерен - Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Айтыстың алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы:
- Бүгін, міне, халқымыздың бай мәдени мұрасын сандығында сақтап, ұрпағына ұлықтаған Сыр өңірінің Жалағаш жері айтыс өнерін өмірім деп білген айтулы ақындардың басын қосып отыр. Елімнің жетістігін, дәннен тау тұрғызған еңбеккерлерді, туған жеріміздің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қайраткерлерді жырлаймын деп келген айтыс ақындарынан суырыпсалма өнердің құдіретін, көркем ойдың кереметін күтеміз – дей келе, жыр жампоздарына сәттілік тіледі. Айтысқа Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан, Орал, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қызылорда облыстарынан 10 айтыскер қатысты.
     Құрамында ақын, журналист, публицист, "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Қалиолла, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры, Республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық Сыр бойы газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілда болған қазылар алқасына ақын, сазгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Елена Әбдіxалықова төрағалық етті. 
      Сайыс нәтижесінде Шалқарбай Ізбасаров ІІІ орын, Айдос Раxметов ІІ орын, Талғат Мықи І орын, Мұxтар Ниязов бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.
       Ақындар айтысын жүргізген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманға Темірбек Жүргеновтің портіреті мен "Жалағаш жауһарлары", "Тарихы терең, еңбегі ерен Жалағаш", "Жалағаш көшелері" атты кітаптар сыйлап, сый-құрмет білдірді. 

Гүлбану МАҚАЖАН





24 қазан 2019 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031