» » "Өліп қаламын ба деп қорықтым": 215 келі салмақты қалай тастаған?

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": 215 келі салмақты қалай тастаған?

     АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны 4 жылдың ішінде 215 келі салмақ тастап, үлкен қашықтыққа жүгіруді әдетке айналдырған. Оның мұндай қадамға баруына «өліп қаламын» деген қорқынышы себеп болыпты.
   2015 жылы Карлос Оросконың салмағы 295 келі болған. Ол осы жылы дәрігерлерге жүгініп, жағдайының нашарлағанын айтыпты. 39 жастағы ер адам буынның ұстамалы ауруы, қан қысымының жоғарылауы, аяғындағы жаралар мен целлюлиттен зардап шеккен. Дәрігерлер оған ішімдік ішуін және зиянды тағамдарды көптеп жеуін тоқтатпаса, 40 жасқа жетпей өліп кетуі мүмкін екенін айтыпты. 
Мұнан кейін Ороско артық салмақтан арылу үшін ота жасатқысы келген. Алайда дәрігерлер оған бірінші кезекте өздігінен арықтауға тырысып, өмір салтын өзгертуге кеңес беріпті. «Клиникадан шығып, көлігімнің капотына отырып, еңіреп жылап жібердім. Көпке дейін тыныштала алмадым. Сол кезде алғаш рет өліп қаламын ба деп қорықтым. Оған қоса әпкем босануы керек еді. Оның баласының өскенін көре алмаймын ба деп уайымдадым», - дейді ол. Мұнан кейінгі бір жарым жыл ішінде Ороско өздігінен 45 келіге арықтаған. Ол фастфуд, қуырылған тағам, ұн өнімдері, газды сусындар мен ішімдіктерден толықтай бас тартып, көп серуендеген. 
2016 жылдың желтоқсан айында ер адамға ота жасалып, мұнан кейін диетасын жалғастырып, белсенді түрде жаттыға бастайды. 2017 жылы ол алғаш рет 5 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысып, осылайша, жүгіруге деген құштарлығы оянған. Жарыстардағы көпшіліктің қолдауы мені жігерлендірді», - дейді Ороско. Содан бері америкалық азамат жүгіруден 32 жарысқа қатысқан. Ол 2019 жылдың 20 қазанында Детройттағы өзінің алғашқы марафонында болып қайтты. Қазіргі уақытта ер адамның салмағы – 80 келі. Егер жақындарым қолдамағанда, мұндай жетістікке жете алмайтын едім, дейді ол.
26 қазан 2019 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031