"Қайын атам киімімді шешіп таста" деді
Әсия Байжарқынова есімді келіншек 18 жасында тұрмыс құрып, дүниеге екі қыз бір ұл алып келеді. Артынша күйеуі қайтыс болып, нәпақасын тойдан іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде 4 баласы бар ажырасқан азаматпен танысып, көңіл жарастырған.
«Маған кішкентай құрылғы алып келіп берді. Мынаны мойыныңа тағып ал, тағып жүрсең, сені емдейді деді. Оның алдында Шымкентте тұрып жүрген кезде оның құрылғысы болатын. Кез келген жеріңді емдей беретін. Сол сияқты деп ойладым. Бұрынғының басқыштары болатын, мынаның басқыштары болмады. Жаңа технология шығар деп тағып алдым. Шын мәнінде ол GPS екен», - дейді Әсия Байжарқынова.
Екінші күйеуімен ажырасып кетсе де, сыйлық қабылдаған Әсия Байжарқынова дыбыс жазып, координаттарын анықтайтын құрылғыны алқа ретінде мойынына тағып жүреді. Бір күні үшінші ер адаммен көңіл қосқан келіншектің екінші күйеуі тауып алып, өзін де жігітін де соққының астына жыққан.
«Ақпанның төрті күні Ташкентке емделуге шықтым. Жүріп жүрген жігітпен кездестім. Таңғы сағат 6-7 арасында жігітім пәтерден шығып, көлігін оталдырып отырған кезде екінші күйеуім, әкесі, қарындасы, жолдас баласы бар жігітімді көліктен шығарады, пәтерге алып кір деп айтады. Бірақ жігіт келіспейді. Жолдас баласы пышақпен жігітімді қорқытады. Бәрі баса көктеп кіреді. Қайын атам, қайын сіңілім, бұрынғы күйеуім келіп мені ұрды. Үстімде майка ғана болған. Көрпе алып жауып жатсам, қайын атам шешіп таста деп жұлып алды. Камераға түсіріп жатыр», - дейді Әсия Байжарқынова.
Екінші күйеуінің туыстары Әсия Байжарқынованы видеоға түсіріп, бір жыл уақыт өткеннен кейін желідегі парақшаларға жүктеп, келіншекті күйеуінің көзіне шөп салды деп масқарасын шығарған. Қазіргі таңда жеке өмірге қол сұғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі адамдар тергеліп жатыр.
Дегенмен Әсия бой жетіп отырған 16-17 жасар қыздары үшін қорқады. Өйткені бірінші күйеуінен туылған қыздар екінші әкелерінің біртүрлі қылықтарды жиі байқайтын көрінеді.
«Бір күні екінші қызым «Ұйқтап жатқанымызда қасымызға келіп қарап тұр. Содан көзімді ашсам, қасымызда тұр екен. Түк білмегендей көзімді жұма салдым. Бір уақытта көрпеміздің асты жағын ашып тұр, ол қалай болғаны»- деді», - дейді Әсия Байжарқынова.