» » 334 мың доллар: әншінің темекі шоғына тесіліп қалған киімінің өзі қымбат

334 мың доллар: әншінің темекі шоғына тесіліп қалған киімінің өзі қымбат

  Осыған дейін әншінің темекі шоғына күйіп қалған жемпірі 200 мың доллармен сатылымға қойылған.

Музыка өнерінің рок бағытында ән шырқаған Курт Кобейннің кардиганы 334 мың долларға сатылды, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Juliens Auctions аукцион сауда үйі Twitter желісіндегі парақшасында жазған. Нью-Йорктегі кафелердің бірінде өткен аукцион «Иконалар мен идолдар: рок-н-ролл» деп аталды.
Винтажды затты Кобейн 1993 жылы Nirvana тобының құрамында MTV Unplugged шоуы кезінде киген. 2015 жылы кардиган аукционда 137 мың долларға сатылған еді, бастапқы бағасы 40-60 мың доллар болған. Осыған дейін әншінің темекі шоғына күйіп қалған жемпірі 200 мың доллармен сатылымға қойылғаны айтылған еді.
Курт Кобейн – Nirvana лидері, гранж стилін қалыптастырғандардың бірі. Музыкалық топ үш студиялық және бір концерттік альбом шығарды. Кобейн өз өміріне қол салғаннан кейін, Nirvana 1994 жылы тарады.
27 қазан 2019 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031