"Жейтін тамақ болмады": Жалғас Жұмағұлов басынан өткен қиын кездерді есіне алды
Сочиде өткен ережесіз жекпе-жек турнирінде әйгілі Әли Багаутиновты тізе бүктіріп, чемпиондық атағын тағы бір мәрте дәлелдеген Жалғас Жұмағұлов басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды. Ақтөбелік жігіт осыдан бірнеше жыл бұрын дәрігерлер оған мүгедек болып қалатынын айтып, мансабын аяқтауға кеңес бергенін жеткізді деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZЖалғас Жұмағұлов қиын сәтінде өзі дос санап жүрген жақындары қасынан табылмай қалғанын жасырмады. Спортшының жалғыз жанашырлары анасы мен әйелі ғана болған.
Жалғас Жұмағұлов қиын сәтінде өзі дос санап жүрген жақындары қасынан табылмай қалғанын жасырмады. Спортшының жалғыз жанашырлары анасы мен әйелі ғана болған.
"2015 жылы мен Аlash Pride жекпе-жегінде Вартан Асатрянға ұтылып қалдым. Ол кезде мен біреудің орнына шықтым. Дайын болмадым, жеңіліп қалдым. Сол кездесуден кейін мен үлкен жарақат алдым. Тіземді жарақаттап алдым. Қиын кез еді. Дәрігер менің бапкеріме менен енді спортшы шықпайтынын айтып, өзіме мансабымды аяқтауға кеңес берді. "Мүгедексің" деді.Сол кезде мені бәрі лақтырып кетті. Қасымда жүрген адамдар жоқ болып кетті. Тек анам мен жарым ғана қасымнан табылды. Олар "көрдің ба, жарақаттанып қалсаң ешкімге керек емессің" деп бетіме басты. Бірақ, мен бәрібір де, уақытым келетінін білдім. Уақыт өте жазылдым. 2016 жылы өзім менеджерге шығып, Fightnights турнирінде жекпе-жекке шыға бастадым.
Менің әрбір жетістігімнің артында анам, әйелім мен отбасым тұр деуге болады. Мені солар жігерлендіреді. Олар аштықты да, суықты да көрді. Сол кезде тіпті үйде жейтін тамақ та болмады. Бірақ, Аллаға шүкір мақсаттарыма жетіп, армандарым орындалып келе жатыр" , - деді Жұмағұлов.Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұловтың рсейлік спортшы Әли Багаутиновты жеңіп, өз чемпиондық белбеуін қорғап шыққанын хабарлаған болатынбыз. Отандық спортшыны жерлестері әуежайдан дүркірете күтіп алған.