» » Оқушы қызды үйіне дейін аңдып келген

Оқушы қызды үйіне дейін аңдып келген

Нұр-Сұлтан полициясы қызды көшеден пәтерге дейін аңдып, ата-анасына күдік туғызған 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

29 қазанда көзілдірік киген, аузын орамалмен жауып тұрған ер адам оқушының соңынан үйіне дейін еріп, онымен бірге лифт күтіп тұрды. Қыз баспалдақпен жаяу көтерілуге бел буғанда, ер адам оның соңынан ерді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 қазанда қыздың ата-анасы арыз бергенін айтты.
«24 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлерімен анықталып, Алматы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы фактінің мән-жайын анықтауға бағытталған кәмелетке толмаған және оның заңды өкілдерімен қажетті тексеру шаралары жүргізілуде», - деп түсіндірді департамент. Видео 
31 қазан 2019 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30