» » Әріптесіміз "Егеменнің" меншікті тілшісі болды

Әріптесіміз "Егеменнің" меншікті тілшісі болды

  Әріптесіміз, белгілі журналист Мұрат Жетпісбаев республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып қызметке кірісті.
Ол бұған дейін журналистика саласында біраз жыл еңбек етті. Еңбек жолын 1995-1996 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы ретінде бастаған. Одан кейінгі жылдары облыстық телерадиокомпания редакторы, Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің жауапты хатшысы, қалалық телерадиокомпания редакторы, республикалық «Ана тілі» газетінің облыстағы тілшісі, облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 
Сонымен қатар, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы «Қызылорда медиа» ШЖҚ МКК директор-бас редакторы болып еңбек етті. 
Одан беріде облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, «Қызылорда-ньюс» интернет газетінің бас редакторы болды.
Әріптесімізге жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз!

05 қараша 2019 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031