» » Сот жүйесін жаңғырту – заман талабы

Сот жүйесін жаңғырту – заман талабы

 
«Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам» деп Елбасы айтқандай, азаматтық қоғамның дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары.
Қоғамның бақуаттылығы, тұрақтылығықашанда әділбилік  ұғымымен ұштасып жатады.   Оған  дана халқымыздың «Елге бай құт емес, би құт», «Турашыл би елін оздырады, тумашыл би елін аздырады»  деген нақыл сөздері куә.
Сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте  Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асановсот жүйесін дамытудағы негізгі басымдықтарды анықтап, сот корпусының алдына «Сот төрелігінің жеті түйіні» атауымен, «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобалық нақты мақсаттар қойды.
Жеті түйіннің алғашқысы – әділеттілік.  Әділеттілік пен сот төрелігі – егіз ұғымдар. Дегенмен, кейде заңды болғанымен,  логикаға сыйымсыз және әділетсіз шешімдер қабылданған жағдайлар кездеседі. Мұндай шешімдердің қабылдануына заң нормаларындағы шектеулер, заңдардың кемшін тұстары  себеп болып жатады.
Одан бөлек, ұқсас істер бойынша кейде әртүрлі шешімдер қабылданып жатады. Істер ұқсас болғанымен, олардың мән-жайлары әртүрлі болуы мүмкін. Қарапайым халық мұны түсінбейді. Ал түсінбеушіліктен сотқа деген сенімсіздік туындайтыны белгілі.
Бұл мән-жайлар сот саласындағы әділдікке сызат түсіреді және төреліктің шынайылығына күдік пен күмән ұялатады.
Осындай келеңсіздерді жою мақсатында «Сапалы нәтиже», «Әділ процесс» жобалары аясында сот шешімдерін түсіндіру қолға алынды. Енді сот шешімін жариялағаннан кейін судья қарапайым тілмен тараптарға өз шешімін неге сүйеніп шығарғанын, қисыны қандай екенін түсіндіретін болды.  Сот актілерінің дайындалу сапасына, олардың түсінікті болуына көңіл бөлінді. Әділ  сот практикасын қалыптастыру межеленіп отыр.
Екінші түйін – судьяның жауапкершілігі және тәуелсіздігі. Соттар мен судьяларды басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістермен жүргізілуі, судьялардың атқарушылық билік органдарына тәуелділігі әділ сот төрелігін жүргізуге, құқықтың үстемдігін қалыптастыруға кедергі екені рас. Одан бөлек, процестің тым төрешілденуі,  судьяныңпроцесуалдық дәрменсіздігі  де сот әділдігін орнатуға кері әсерін тигізіп келді.
Мәселен, азаматтық іс жүргізу тәртібіне сәйкес сот қойылған талап шеңберінен  шыға алмайды. Талаптың  дұрыс қойылған-қойылмағаны жөніндегі пікірін де  сот шешім қабылдағанша білдіре алмайды. Талапты өзгерту – дауласушы тараптың құқығы. Алайда құқықтық сауаттылығының төмендігінен тараптар өздерініңқұқықтарын  толық көлемде пайдаланбақ тұрмақ, кейде сот процесіне демүлдем келмейді. Сот шақыртуына келмегентарапты  сотқа еріксіз  алдыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда соттың бейтараптығы, тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы жөніндегі қағидалар бұзылады.
Осындай мәселелерді шешу мақсатында «Әділ процесс» жобасы шеңберінде қоғамның қажеттіліктеріне қарай сот процесін және сот рәсімдерін оңтайландыруды қамтамасыз ету, процестік заңнаманы шынайы жеңілдету, сот практикасының әділдігі мен объективтілігіне қоғамның қанағаттанбау негізділігін талдау және себебін анықтау, халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизмін дайындау жоспарланды.  
Үшінші түйін - сот төрелігінің тиімділігін арттыру.
Осы уақытқа дейін халықтың санасында кез келген дау бойынша тек қана сотқа жүгіну қажет деген пікір болды. Болмашы нәрсеге бола сотқа жүгіну әдетке айналды. Осының салдарынан соттағы істердің саны еселеп өсті. Бұл, өз кезегінде, істердің қаралу сапасына кері әсерін тигізді.
Бұл мәселенің шешімі  даулардың сотқа дейін шешіліп, балама жолдардың кең қолданылуын қамтамасыз етуге табан тірейді. Осы мақсатта «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының аясында дауларды шешу үшін адамдардың мүдделерін ескеріп, қажетті қызмет түрлерін орталықтарға біріктіру, онда медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушыларының көмек көрсетуін  қамтамасыз ету көзделді.
Төртінші түйін – әкімшілік әділет. Азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы жария-құқықтық даулардың  азаматтық процестік  заңнама шеңберінде қаралуы  сот әділдігіне қатысты қоғамның үмітіне жауап бермейді.Шын мәнінде әкімшілік ресурсы қуатты мемлекеттік органмен соттасатын қарапайым азаматтар арасындағы айырма жер мен көктей екені рас. Осыған орай, азаматтардың құқығын қорғаудың мүмкіндігін кеңейту басты парыз отыр.
          Бұл бағытта герман моделінің негізінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қабылдау және әкімшілік әділет соттарының жаңа жүйесін құру көзделіп отыр.
          Бесінші түйін – тергеу судьясы. Бұл қызмет қоғамда өз керектігін айқындады. Сондықтан арнайы тергеу соттарын ашу қолға алынды.
Алтыншы түйін –  біліктілік. Сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, олардың ұстанымы мен жеке басының ерекше адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты.  Халықданалығы «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» дейді.
Сондықтан «Мінсіз судья» жобасы аясында тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру мақсат етіп қойылды. Дайын­дығы нашар тұлғалардың судья­лар корпусына еніп кету ықтималдығын болдыр­майтын жүйелі ша­ралар қабыл­данды
«Е-СОТ» жобасы аясында ІТ саласында жаңа трендтерді тиімді пайдалану, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін барынша қарапайым және қолайлы электрондық сервистерді жасау көзделіп отыр.
           Қызылорда облысының соттары да сот жүйесін жаңғыртуға  бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Сот – әділдіктің ақ туын көтерген сала. Өйткені, тағдырдан таяқ жеп, әлдекімнен зәбір көрген жандар сүйеніш көріп, сотқа келеді. Міне, соттың қай жағынан да талапқа сай болуы, ашық әрі әділ болуы қалың бұқараның мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін салаға айналдырады. Ал қазақылығы қаймақ боп бетіне шыққан Сырдағы сот саласы қашаннан халықтың қалқаны. Бұған шүбә де жоқ.
Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы,
Қызылорда облыстық сотының төрағасы
26 қыркүйек 2019 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031